English version

Мәсімовтың туысы лауазымды қызметінен босатылды

События дня — 20 января 2022 00:00
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовты қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

— Мемлекет басшысының өкімімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Дарын Тұяқов бұл қызметке 2020 жылдың қазан айында тағайындалған.

Мәсімовтің әкесінің «Аманат» кітабына сәйкес, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Шылбынұлы Тұяқов Кәрім Мәсімовтің туған ағасы.

«Аманат» кітабына сәйкес:

Күләйхан Қасымқызы Қасымова (1942) – Қажымхан Қасымұлының сіңлісі. Алматы облысы, Ақсу ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Тұяқов Шылбаға тұрмысқа шықты. Зейнеткер.

Тұяқов Шылбы (1942)Күләйхан Қасымқызының күйеуі. Алматы медицина институтын бітірген. Хирург. Алматыдағы №7 ауруханада бас дәрігердің орынбасары болды.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.