Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды
Поддержать

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Алматы қаласының әкімі лауазымына 2019 жылы тағайындалған Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылды.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектеп-интернатын, Алматы энергетика институтын және Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Ерболат Досаев еңбек жолын 1993 жылы «Искер» СҒК-да бастаған. Премьер-министрдің кеңесшісі, Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасы болып істеген.

 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *