ҰҚШҰ әскері Қазақстанға қайта оралады
Поддержать

ҰҚШҰ әскері Қазақстанға қайта оралады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді.

– Егер 2022 жыл туралы айтатын болсақ, онда біз Орталық Азия мемлекеттерінің аумағында: Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық бойынша іс-шаралар жоспарладық, – деді ол.

Анатолий Сидоров жаттығулардың 2022 жылдың екінші жартыжылдығында өтетінін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында (ҰҚШҰ) тұрақты өкілдігін ашуды жоспарлап отыр

– Мәскеуде (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі ашылсын, – делінген құжатта.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.