БҒМ педагогтерден түрлі себеппен ақша жиналып жатқанын айтты
Поддержать

БҒМ педагогтерден түрлі себеппен ақша жиналып жатқанын айтты

Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті білім беру қызметкерлерінен түрлі жағдайда ақша жинауға қатысты аноним шағымдар тұрақты түрде түсетінін айтты.

AstanaTV арнасының мәліметіне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдер арасында ақша жинауға қатысты жанжал шыққан.

Зайсан қаласындағы балабақша меңгерушісі мемлекеттік аттестациядан өту үшін әріптестерінен ақша жинап алғаны айтылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің оның жұмыстан босатылғанын айтты.

— Бізге балабақша меңгерушісі мемлекеттік аттестациядан өтуге қаражат жинап жатқаны туралы 24 балабақша тәрбиешісінен өтініш түсті. Бұл мәселені құзырлы органдар қарап жатыр, — деді ШҚО білім беру қызметін лицензиялау басқармасының басшысы Сәуле Балтабаева.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан мен Алматы облысының мұғалімдері заңсыз ақша жинағаны айтылған.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.