Президент халық қауіпсіздігі бәрінен биік екендігін өз ісімен дәлелдеді – Қошанов
Поддержать

Президент халық қауіпсіздігі бәрінен биік екендігін өз ісімен дәлелдеді – Қошанов

Парламент Мәжілісінің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов жалпы отырыста қаңтар оқиғалары ел үшін үлкен сынақ болғанын және сын сағаттағы Тоқаевтың әрекеті халық қауіпсіздігі бәрінен биік болғанын көрсеткенін айтты.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан жаңа Қазақстанды құру жолында Парламентке артылар жүк те, жауапкершілік те зор. Сондықтан сындарлы кезеңде халық сеніміне шығып, Президент бастамаларын барынша қолдау біздің, депутаттардың басты міндеті. Сайлаушылар тарапынан депутаттарға қойылатын талап та қашан да жоғары екенін өздеріңіз білесіздер. Әсіресе қаңтар оқиғалары бүкіл еліміз үшін үлкен сын болды. Күн тәртібінде Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің тұтастығын сақтап қалу мәселесі тұрды. Елімізге қауіп төнген сын сағатта мемлекет басшысы барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, батыл шешімдер қабылдады. Президент халық қауіпсіздігі мен мемлекет мүддесі бәрінен биік екендігін өз ісімен дәлелдеді, – деді Қошанов.

Мәжіліс спикері депутаттардың қоғам белсенділерімен тығыз байланыста болатынына сендірді.

– Бірінші кезекте, Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуіміз қажет. Халық сайлаған депутаттар – ең алдымен өз сайлаушыларына жақын болу керек. Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты екені түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта, депутаттар корпусының азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, әсіресе, өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан ары жандандыратын боламыз. Бұл – Президент бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың да басты ұстанымы, – деді Ерлан Қошанов.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.