Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 97 жасында қайтыс болды
Поддержать

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 97 жасында қайтыс болды

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов жеткізді.

— Классик жазушы, ІІ-Дүниежүзілік соғыстың ардагері, даңқты Әбдіжәміл ақсақал Нұрпейісов қайтыс болыпты. Иман байлығын берсін. Адамзаттың басынан өткен небір сұрапыл дәуірлерді тәнімен де, жанымен де сезінген Алып Жүрек ғасырға жақындап барып тоқтапты. Көрмеген көшесінен жарылқасын, — деп жазды Жанарбек Әшімжан.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов – қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан белгілі жазушы, аудармашы. Ұлы Отан соғысының ардагері. Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол «Курляндия», «Қан мен тер» сияқты танымал романдар жазды.

Нұрпейісовтің ең әйгілі шығармасы – «Қан мен тер» трилогиясы 30 шет тіліне аударылып, шетелдік әдебиеттанушылар тарапынан үлкен құрметке ие болды.
Романның әдеби сценарийі бойынша көркем фильм түсірілді.

2019 жылы ол өзінің 95 жылдығын атап өтті. Кейін Президент оған арнайы белгісін табыс етті. Тоқаев Нұрпейісовке: «Сіз халқымызға керексіз» деген еді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.