6 жылдан кейін елге оралған Ермек Нарымбай қамауға алынды
Поддержать

6 жылдан кейін елге оралған Ермек Нарымбай қамауға алынды

Украинада тұрып жатқан саяси белсенді Ермек Нарымбай бүгін, 6 ақпанда таңғы сағат 7-де Киевтен Алматыға ұшып келді.

Саяси белсендіні әуежайдың күту залына жеткізбей полиция алып кеткен. Оны Алматы қалалық ішкі істер департаментіне әкеткені жайлы құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов хабарлады.

Айта кетейік, Ермек Нарымбайды әуежайдан күтіп алуға 50-ге жуық адам барған. Ермек Нарымбай Қазақстанға әлеуметтік желі арқылы хабарлаған еді.

Кейін қалалық прокуратура сот үкімін орындау мақсатында қамауға алынғанын мәлімдеді.

— Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды, — делінген хабарламада.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.