Оңтүстікте АЭС салуды қазірден бастау керек - Сәтқалиев
Поддержать

Оңтүстікте АЭС салуды қазірден бастау керек — Сәтқалиев

«Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның оңтүстігінде атом электр станциясын салу қажет екенін мәлімдеді.

Сәтқалиев желіге жаңа қуат көздерін, оның ішінде жаңартылатын қуат көздерін қабылдау үшін ұлттық электр желісін жаңғырту негізгі жоба болуы тиіс екенін атап өтті.

— Атап айтқанда, қазірдің өзінде электр энергиясын тұтыну мен өндірудің болжамды энергия теңгерімін негізге ала отырып, таяу уақытта елдің оңтүстігінде ірі қуат көзін салуға көшу қажет. Біздің ойымызша, атом электр станциясын салу ең тиімді шешім болады, — деді Сәтқалиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысындағы Үлкен ауылы атом электр станциясын салу үшін ең қолайлы деп мәлімдеген болатын.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.