Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша тапсырма берді
Поддержать

Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша тапсырма берді

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, бірқатар маңызды мәселелер бойынша тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Яғни Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржыны және онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру тапсырылады.

— Адал еңбек, әділ сыйақы идеологиясы компрадорлар (шетелдік капитал мен дамушы елдің ұлттық нарығы арасында делдал болған кәсіпкер — еск.), уақытша жұмыс істейтіндер дүниетанымын алмастыруы керек. Бұл әлеуметтік-экономикалық аспектілерге, мемлекеттік саясат мәселелеріне, ұлттық бірегейлік пен жастарды тәрбиелеуге әсер ететін үкімет пен қоғамның ортақ міндеті, — деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.