Бейжің Олимпиадасында Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әні шырқалды
Поддержать

Бейжің Олимпиадасында Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әні шырқалды

Әлем көз тіккен қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанып, ашылу салтанаты Бейжіңдегі «Құс ұясы» ұлттық стадионында өтті. Мұндай маңызды шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

4-20 ақпанда өтетін Олимпиада ойындары Қытайдың Жаңа жылымен және елдің ұлттық Көктем мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр.

Бүгін латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильевс қысқа бағдарламасын Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» атты әнімен бастады. Бұл туралы журналист Руслан Меделбек Facebook парақшасында жазды.

– Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильевс (Deniss VASILJEVS) қысқа бағдарламасын Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» бастады Бұл – қазақ композиторы Марат Бейсенғалиев пен британиялық Карл Дженкинстің Sarakiz II: Romanza композициясынан үзінді, – деп жазды ол.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.