Ләззат Қалтаева Қазақстан халқына ант берді
Депутат Ләззат Қалтаева Қазақстан халқына ант берді.
— Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін, — деді ол.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ләззат Қалтаеваны құттықтап, депутаттық қызметіне табыс тіледі.
— Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі Парламент депутаты. Жалпы, мемлекет басшысы осы санаттағы азаматтарды саяси өмірге белсенді түрде тартуға көп көңіл бөледі. Мұндай қадам мүгедек адамдардың елдің саяси және қоғамдық өміріндегі белсенділігін арттыруға одан әрі ықпал етеді деп үміттенеміз. Ләззат Молдабекқызы, біз сізді сенатор болып тағайындалуымен құттықтаймыз, депутаттық қызметіңе табыс тілейміз, — деді Мәулен Әшімбаев.
Спикер Ләззат Молдабекқызы белсенді қоғам қайраткері ретінде танымал екенін айтты. Бұрын Алматыда «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрағасы, сондай-ақ қалалық мәслихаттың депутаты болған.
Комментариев пока нет