Ресейдің Украинаға шабуыл жасайтын күні белгілі болды
Поддержать

Ресейдің Украинаға шабуыл жасайтын күні белгілі болды

АҚШ президенті Джо Байден 11 ақпанда Батыс елдерінің басшыларымен, Еуропалық одақ пен НАТО-мен бейнеконференцияда Ресей Украинаға 16 ақпан күні шабуылдайтынын айтты. Бұл туралы Politico газетіне ақпарат көздері айтқан.

Сондай-ақ, бұл басылым америкалық шенеуніктердің сөздеріне сілтеме жасап «Ресей 16 ақпанда Украинаға физикалық шабуылын бастайтынын» мәлімдеді. Бірақ бұл мәлімдемелердің дәлелі жарияланымда көрсетілмейді.

— Еуропалықтар картинаны басқаша көріп тұрғанын айтты. Ұлыбританиялық шенеунік 16 ақпан туралы «бізде басқаша ақпарат бар» деді. Еуропалық Одақтың екі дипломаты бұған одан да күмәнмен қарады. Біреуі олар әлі де мұндайдан бас тартады деді, — делінген басылым таратқан хабарламада.

Айта кетейік, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей кез келген уақытта Украинаға басып кіруі мүмкін екенін айтқан.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.