Украинада олигархтар чартерлік рейстер арқылы елден қашқан
Поддержать

Украинада олигархтар чартерлік рейстер арқылы елден қашқан

Украиналық олигархтар мен кәсіпкерлер чартерлік рейстермен шекара асып жатыр. Жексенбіде Киевтен 20-ға жуық жеке ұшақтар ұшып кеткен.

Жергілікті басылымның мәліметінше, 6 жыл ішінде мұндай чартерлер болған жоқ.

Жексенбіде Украинадан кеткен чартерлер мен жеке ұшақтардың ішінде Ринат Ахметов пен Борис Колесниковтың борттары бар.

Кейінірек Колесников Киевте екенін және ешқайда кетпейтінін атап өтті. Оның айтуынша, ұшақ техникалық қызмет көрсету үшін Прагаға ұшып кеткен.

50 адамға арналған жеке бортқа ОПЗЖ депутаты, миллионер Игорь Абрамович тапсырыс берген.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *