Щучинск тұрғыны Тоқаевқа үтік жібермек болған
Поддержать

Щучинск тұрғыны Тоқаевқа үтік жібермек болған

Щучинск қаласының тұрғыны Владимир Прокопьев әлеуметтік араздықты қоздырғаны үшін өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ер адам Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үтік бермек болған.

13 қаңтарда Прокопьев Щучинск қаласы әкімдігінің ғимаратына президентке «Тоқаев және КО» деген жазуы бар үтікті тапсыру үшін келген. Прокопьев әкімшілік қызметкерлерімен кездесе алмай, үтікті әкімшілік ғимаратының жанына қалдырып кеткен.

Ер адамның айтуынша, сол күні кешке оны ҰҚК ұстап, аудандық полиция бөліміне жеткізген. Прокопьевке «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағылып, телефоны мен SIM картасын алып кеткен.

Сондай-ақ, оның үстінен жыл бойы митингіге бірнеше рет қатысқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *