Жалға пәтер беретіндер салық төлеуі керек – Қаржы министрлігі
Поддержать

Жалға пәтер беретіндер салық төлеуі керек – Қаржы министрлігі

Қазақстан Республика Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті пәтерлерді жалға беретін азаматтар салық төлеуі керек екенін айтты.

Комитет жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген пәтерлерді жалға беретін азаматтар салық жүктемелерін бірыңғай жиынтық төлем немесе жеке кіріс салығы ретінде төлей алатынын айтты.

Мемлекеттік кірістер комитеті «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Заңға сәйкес, салық жүктемелерінен жалтарған азаматтарға ақшалай айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 наурызынан бастап кепілге қойылған жалғыз баспана тартып алынбайды.

Салық төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндігі берілген кезде жеке тұлғаның жалғыз баспанасы кепілг қабылданбайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *