Қанат Ислам WBO чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді
Поддержать

Қанат Ислам WBO чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді

Орта салмақта өнер көрсететін боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 KO) 25 ақпан күні өзінің келесі кездесуін өткізеді.

Рroboxpromotions.us мәліметінше, Қанат Ислам Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтетін жекпе-жек кешінде жұдырықтасады.

Отандасымыздың қарсыласы әлем чемпионы белбеуіне үміткер болған Ұлыбритания елінің өкілі Джимми Келли (25-2, 10 КО). ProBox Promotions промоутерлік компаниясы бокс кешінде орта салмақта WBO Global белбеуі сарапқа салынатыны туралы айтты.

Еске салайық, Қанат Ислам өзінің соңғы кездесуін 2021 жылдың 20 ақпанында Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өткізді.

Сол кездесуде техникалық нокаутпен эквадорлық Джейсон Минданы (14-5-1, 8 КО) жеңген еді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.