Ya Metrika Fast


English version

Қызылордада депутаттар тергеу изоляторын аралады

События дня — 18 февраля 2022 00:00
0
Изображение 1 для Қызылордада депутаттар тергеу изоляторын аралады

17 ақпан күні Қызылорда қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесіне мәжіліс және Қызылорда қаласы мәслихатының депутаттары келіп, қамауда жатқандардың жағдайларымен танысты.

Polisia.kz мәліметінше, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттаттары Берік Дүйсенбинов пен Ерлік Өмірғали «Ақжол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ж. Пірманов, қалалық мәслихат депутаты Ғ. Байсейітов және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД басшылығы тергеу изоляторының режимдік корпустарын аралаған.

Айта кетейік, депутаттар қапастарға кіріп, онда қамауда ұсталу жағдайларын көрді.


Қаңтар оқиғасына қатысты президент тапсырмасымен, қамауда отырған азаматтардың қылмысын ауырлататын мән-жай болмаса, жазаларын және қамауда ұстау санкцияларын жеңілдету жөнінде сотқа және құқық қорғау органдарына ұсыныс беру үшін келгендігіндіктерін айтып жеткізді.

Чингиз Айтматов

Фото: Polisia.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.