Президент «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезін шақырды
Поддержать

Президент «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезін шақырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезін шақырды. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов хабарлады.

— Бүгін «Нұр Отан» партиясының төрағасы Қ.Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезін шақыру туралы шешім қабылдады, — деді Оралов.

Оралов съезд жұмысына барлық облыстардан делегаттар қатысатынын айтты.

— Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық шараларын бастады. Съезд барысында партия жұмысын одан әрі жаңғыртудың басым бағыттары талқыланады, — деп қосты Оралов.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *