Бас прокуратура Бектановтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
Поддержать

Бас прокуратура Бектановтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.

— 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты қылмыстық кодекстің 452-бабы бойынша қызмет бойынша әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 20 ақпанда Бектанов ұсталып, осы қылмысты жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Еске салайық, 19 қаңтарда Президент Жарлығымен Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Жаңа министр болып Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы қызметін атқарған Руслан Жақсылықов тағайындалды.

Кейінірек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командирлік қасиеттерін көрсетпегенін айтты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *