Берік Уәли Тоқаевқа ақпараттық шабуыл жасалғанын айтты
Поддержать

Берік Уәли Тоқаевқа ақпараттық шабуыл жасалғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Президентке ақпараттық шабуыл жасалғаны туралы мәлімдеді.

Берік Уәлидің айтуынша, мемлекет басшысының швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Бұл туралы кейбір қазақстандық БАҚ жазған.

— Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ, Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ, — деп жазды Берік Уәли.

Сондай-ақ, бұл президентті жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараты екенін жазды.

— Өздеріңіз білесіздер Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын, — деді ол.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.