Қазақстан ҰҚШҰ құрамында Донбасқа әскер жібере ме? – ресми жауап
Поддержать

Қазақстан ҰҚШҰ құрамында Донбасқа әскер жібере ме? – ресми жауап

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан ҰҚШҰ құрамында Донбасқа өз әскерін жібере ме деген сұраққа жауап берді.

Сыртқы істер министрінің айтуынша, ҰҚШҰ әскерін ҰҚШҰ кеңістігінде ғана пайдалануға болады.

— Бұл мүмкін емес. Өздеріңіз білесіздер, ҰҚШҰ жарғысы әскери не бітімгершілік күштерді пайдалануды қатаң шектейді. Оларды ҰҚШҰ кеңістігінде ғана пайдалануға болады, — деді Тілеуберді.

Сыртқы істер министрі Ресей президенті ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін тану туралы жарлыққа неге қол қойғанын да түсіндіріп, Донбасқа кез келген миссия бойынша әскер жіберуге құқығы жоқ екенін айтты.

— Біріншіден, Батыс пен Ресей арасында қауіпсіздік жүйесіне қатысты келісімдер жоқ екені белгілі. Өздеріңіз білетіндей, ресейлік тарап Ресей мен АҚШ арасындағы келісімдер жобаларын, сондай-ақ Ресей мен НАТО арасындағы келісім жобасын жіберген. Бірақ бұл келісімдер бойынша қазіргі уақытта түсіністікке қол жеткізілген жоқ. Екіншіден, Нормандия форматына қатысушылардың Минск келісімдерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі және өзара түсіністікке жете алмағаны анық. Бұл да себептердің бірі. Үшіншіден, біз ДХР мен ЛХР-дағы гуманитарлық дағдарыс туралы айтып отырмыз. Босқындар легі қазір бұл республикалардан Ресейге қарай бет алуда, — деді Тілеуберді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.