Ya Metrika Fast


English version

Зеленский резервтегі әскери қызметшілерді шақырды

События дня — 23 февраля 2022 00:00
0
Изображение 1 для Зеленский резервтегі әскери қызметшілерді шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапынан төнген қауіпке байланысты запастағы әскери қызметшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.

«Украинская правда» басылымының мәліметіне сәйкес, Зеленский жалпы жұртты жұмылдыру қажет емес екенін айтты.

Зеленский барлық әскери қызметшінің қосымша оқу-жаттығу жиындарын өткізуі туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.


— Мен ерекше уақытта резервшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойдым. Біз тек жедел резервке жатқызылған азаматтар туралы айтып отырмыз. Украина армиясының жедел ортадағы барлық ықтимал өзгерістерге дайындығын арттыруымыз керек, — деді Зеленский видеоүндеуде..

Чингиз Айтматов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.