Зеленский Украинаны қорғауда жалғыз қалғанын айтты
Украина президенті соғыс кезінде 137 адам қаза тауып, 316 адам жараланғанын айтты. Зеленскийдің өзі және оның отбасы Киевте.
Владимир Зеленский Батыс елдерінің уәделеріне қарамастан, Украина өз жерін қорғауда жалғыз қалғанын айтты.
Ол Украинаға шын көмектескен әр мемлекетке алғысын білдірді.
— Біз мемлекетті жалғыз қорғаймыз. Бізбен бірге күресуге кім дайын? Шынымды айтсам, мен оларды көрмей тұрмын. Украинаға НАТО-ға кіруге кім кепілдік береді? Шынымды айтсам — бәрі қорқады. Мен біздің мемлекетіміздің барлық серіктестеріне айтарым — қазір маңызды сәт, еліміздің тағдыры шешіліп жатыр. Мен бүгін Еуропаның 27 көшбасшысынан сұрадым: Украина НАТО құрамында бола ма? Барлығы қорқады. Жауап бермейді, — деді Владимир Зеленский.
Зеленский Ресейден қорықпайтынын және Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері туралы сөйлесуге дайын екенін айтты.
— Қазір елдің тағдыры толығымен біздің армиямызға, әскери қызметкерлерге, қауіпсіздік Күштерімізге, қорғаушыларымызға байланысты. Біздің халқымыздың даналығына байланысты. Біздің еліміздің барлық серіктестерінің қолдауына байланысты, — деді Украина президенті.
Комментариев пока нет