БҰҰ Украина бойынша арнайы сессия өтетін күнді белгіледі
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Украина бойынша арнайы сессиясының өтетін күні анықталды.
28 ақпан күні Украинадағы жағдайға қатысты қарар жобасын талқылау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ БҰҰ-ға жексенбі күні Қауіпсіздік кеңесін шақыру туралы өтініш жолдаған. Оның аясында Украинадағы жағдай бойынша Бас ассамблеяны өткізу мәселесі бойынша процессуалдық дауыс беру өтетіні айтылды.
Сессия Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің тоғызы жақтап дауыс бергенде өтеді, ал вето құқығы бұл жағдайға қолданылмайды.
Вето – белгілі бір шешімге құқықтық органның немесе тұлғаның жазбаша, яки ауызша тыйым салуы. Бір өкімет органының өзге билік органының қаулысына үзілді-кесілді немесе шартты-шектеулі тыйым салуы.
Комментариев пока нет