Тоқаев «Нұр Отан» партиясының атауын өзгертуді қолдады
«Нұр Отан» партиясының атын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Ұсынысты партияның кезектен тыс съезінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.
– Елімізде болып жатқан өзгерістердің бел ортасында біздің партия тұр. Ашығын айтқанда, партия елмен бірге жаңаруы керек. Ұйымның қызметін жаңа мазмұнмен толықтыру үшін қажетті өзгерістерді енгізу керек. Сондықтан да партияны елмен бірге жаңартып отыру керек. Осыған байланысты партияның сипаты мен атауын өзгертуді дұрыс деп санаймыз. Қазақстанның билік басындағы партиясы ата-бабаларымызға тағзым ретінде «Аманат» деп аталу керек деп есептейміз. Біз партияның атын «Аманат» деп өзгертуді ұсынып отырмыз, – деді Қошанов.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияның атын өзгерту туралы ұсынысты қолдады
Өткен жылдың қараша айында саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдаған болатын. Ол партияны ел президенті басқаруы керектігін қадап айтты. 28 қаңтарда Тоқаев «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып сайланды.
Комментариев пока нет