Қазақстанның бас прокуроры тағайындалды
Поддержать

Қазақстанның бас прокуроры тағайындалды

Берік Асылов Қазақстанның Бас прокуроры болды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

— Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалсын, — делінген Жарлықта.

Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпанда Ғизат Нұрдәулетов Бас прокурор қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Нұрдәулетов 2019 жылдың наурыз айынан бастап Бас прокурор қызметін атқарды.

Берік Асылов 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

1992-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Бас прокуратура жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *