Зеленский Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты
Поддержать

Зеленский Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты

Украина президенті Қазақстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

Владимир Зеленский Twitter-де Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгіме туралы жазды.

— Тоқаевпен әңгіме аяқталды. Өңірдегі қауіпсіздіктің күрделі жағдайы талқыланды. Біз гуманитарлық мәселелерде ынтымақтастық туралы келістік. Біз байланыста боламыз, — деп жазды Зеленский.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы әңгіме Украина тарапының бастамасымен болғанын айтты.

Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы ұрыс қимылдарын тоқтату және келіссөздерде уағдаластыққа қол жеткізудің маңыздылығы туралы мәлімдеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.