Зеленский барлық украиндықтарға қару қолдануға рұқсат берді
Поддержать

Зеленский барлық украиндықтарға қару қолдануға рұқсат берді

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның барлық тұрғындарына соғыс кезінде қару қолдануға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

Заң барлық қару түрлеріне қатысты қабылданған. Бейбіт тұрғындар «Украинаға қарсы қарулы агрессияны жүзеге асыратын адамдарға» қарсы қару қолданғаны үшін жауап бермейді.

— Соғыс жағдайында Украина азаматтары өздерінің қару — жарақтарын, спорттық қаруларын (тапаншалар, револьверлер, мылтықтар), аң аулау мылтықтарын, сондай-ақ оқ-дәрілерді қолдана отырып, қарсы тұра алады, — делінген Жоғарғы Рада сайтында жарияланған құжатта.

Тиісті заң күшіне енді және соғыс уақытының барлық кезеңінде қолданылады.

Айта кету керек, Украинада осы заңның қабылдануына дейін халыққа қару беру туралы шешім қабылданды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.