Мұхтар Тілеуберді Зюгановтың мәлімдемесіне жауап берді
Поддержать

Мұхтар Тілеуберді Зюгановтың мәлімдемесіне жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат Геннадий Зюгановтың Қазақстанның солтүстік өңірлері туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

— Ресми наразылық болмайды. Біз Зюганов өзін оппозициялық партия ретінде көрсететін Ресей Коммунистік партиясының жетекшісі деп санаймыз. Оппозиция әрқашан қолданыстағы биліктің ресми ұстанымынан өзгеше немесе тіпті қайшы келетін пікір айтады. Зюгановтың сөзі Ресейдің бірде-бір федералды арнасы арқылы таратылмаған. Президенттің Мәскеуге ең жоғары деңгейдегі жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға ешқандай аумақтық талаптары жоқ екендігі расталды, — деді Тілеуберді Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол Ресей Коммунистік партиясы КСРО Коммунистік партиясының мұрагері екенін және сол идеологияға негізделгенін, яғни ол әлемдік Социалистік революцияны жүзеге асыруды және бүкіл әлемде пролетариат диктатурасын орнатуды мақсат еткенін айтты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.