Қазақтелекомның басшысынан куәгер ретінде жауап алынды — Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Олжас Бектенов «Қазақтелекомның» басшысы Қуанышбек Есекеевтен компаниядағы ұрлық ісі бойынша куәгер ретінде жауап алынғанын айтты.
— Ол (Қуанышбек Есекеев) қазіргі басшы. Куәгер ретінде жауап алынды, — деді Бектенов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергейтіні белгілі болды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазақтелеком» Қуанышбек Есекеев жұмыс орнында екенін хабарлады.
— Менің ойымша, біз тиісті сараптамалық тергеу жүргізгеннен кейін соманы атаймыз. Бірақ бір нәрсе айта аламын: миллиардтаған сомалар бар, — деді ол.
Комментариев пока нет