English version

Өзбекстан Донецк және Луганск республикаларын мойындамайды

События дня — 17 марта 2022 00:00
0

Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов сенат отырысында Украинадағы жағдай бойынша сұрақтарға жауап беріп, Өзбекстан Украинадағы мәселенің бейбіт түрде шешілгенін қалайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, Ташкент екі елмен қарым-қатынасты жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Украинадағы қиын жағдайды айтқан Абдулазиз Камилов Ташкент Киевке тағы гуманитарлық көмек жіберетінін жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан Киевке 28 тонна гуманитарлық көмек жіберген еді.

Маңызды мәселелердің бірі, Абдулазиз Камилов Өзбекстанның Украина шығысындағы «Луганск және Донецк халық республикаларын» мойындамайтынын айтты.

— Өзбекстан Украинаның тәуелсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын мойындайды. Луганск және Донецк халық республикаларын мойындамаймыз, — деді Камилов.

Фото: Газета.ру


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.