Ердоғанның Түркістандағы саммитке қатысуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Поддержать

Ердоғанның Түркістандағы саммитке қатысуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Бұл туралы Түркия Республикасы Президент Әкімшілігінің ақпарат басқармасы мәлімдеді.

25 наурыз күні БАҚ-тарда «Наурыз айының соңында Түркістан қаласында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді деп жоспарлануда. Алайда Түркия Президенті Өзбекстанға сапарын кейінге қалдырмай, 30-31 наурызда Түркі кеңесі аясында Қазақстанға жоспарланған жұмыс сапарынан бас тартты. Ердоған шараға бейнеконференция арқылы қатысады» деген жаңалық жарық көрген. Аталмыш хабар негізсіз және шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Түркия Республикасы Президент Әкімшілігінің ақпарат басқармасы мәлімдейді.

«Түркі мемлекеттері ұйымы, бұрынғы атаумен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) 2022 жылы Түркістанда саммит өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Түрік мемлекеттері ұйымының іс-шаралар күнтізбесінде мұндай кездесу де жоқ.

Сондықтан, Ұйымға мүше кез-келген елдің басшысының Қазақстанға ұйымдастырылмаған кездесуге келуі мүмкін емес және Президентіміз Режеп Тайып Ердоған мырзаның осы ай ішінде сапарынан бас тартуы жайлы да мәселе жоқ», — деп хабарланды.

Өзбекстанға жасайтын сапары болса бірнеше ай бұрын алдын-ала жоспарланған ресми шара болып табылады. БАҚ-тарда көрсетілген жиын, 2021 жылдың наурыз айында, пандемия жағдайын ескере отырып, көшбасшылардың онлайн қатысуымен Түркістанда өткен болатын және бұл кездесуге Режеп Тайып Ердоған мырза қатысқан.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.