Украина мен Ресей өкілдері Түркияда кездеседі
Поддержать

Украина мен Ресей өкілдері Түркияда кездеседі

Украина мен Ресей өкілдері 28 наурыз бен 30 наурыз аралығында Түркияда кездесетін болды. Бұл туралы Киев өкілі Давид Арахамия айтты. Ақпаратты Мәскеу өкілі Владимир Мединский де растады. Украина мен Ресей Түркияда кездесуге кеше келіскен.

— Әңгіме кезінде президент Ердоған жанжалды тоқтатып, Ресей мен Украина арасында тезірек бітім жасау керектігін айтты,- делінген Анкара мәлімдемесінде.

Түркия президенті Реджеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөзді Стамбулда өткізуге мақұлдасқаны кейіннен белгілі болды. Мұны түрік президентінің кеңсесі хабарлады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *