Орал әуежайына Мәншүк Мәметова есімі берілді
Қазақстан үкіметі «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС-не Мәншүк Мәметованың атын беру туралы қаулы қабылдады.
— «Орал» халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мәншүк Мәметованың есімі берілсін, — делінген құжатта.
Қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өткен жылы әуежайға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсыныспен қоғам белсенділері мен депутаттары ұсыныс жасаған.
Мәншүк Мәметова Орал облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылдың күзінде қайтыс болды. Кеңес Одағының Батыры атағы берілген алғашқы қазақ әйелі.
Комментариев пока нет