Зеленский Ресей баспасөзіне сұхбат берді
Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы Ресей баспасөзіне алғаш рет сұхбат берді.
Онлайн режимде өткен сұхбатқа «Медуза» басылымы мен «Дождь» телеарнасының бас редакторлары, «Новая газета» журналисі Михаил Зыгарь, «Коммерсантъ» газетінің арнаулы тілшісі Владимир Соловьёв қатысты.
Айта кетейік, Зеленскиймен сұхбатты «Медуза» сайты жариялады. Роскомнадзор Ресей бұқаралық ақпарат құралдарына Зеленскийдің сұхбатын жариялауға тыйым салды.
— Біз Ресей президенті Владимир Путинмен келісуіміз керек, ал келісу үшін ол менімен кездесуге келуі керек. Ал мен әлемнің кез келген нүктесіне кездесетінімді айттым. Сонымен қатар, Беларусь, Ресей және Украинадағы кездесулерді мағынасыз деп санаймын. Біздің делегацияларымыздың кездесулері аса саяси бағытта жүрді. Бұл үшеуі бүгінде қақтығысушы елдер, — деді Владимир Зеленский.
Ресей бас прокуратурасы сұхбатты жариялаған ресейлік журналистердің әрекетіне құқықтық баға берілетінін жеткізді.
Комментариев пока нет