Министр Қазақстанда қанша Ресей азаматы бар екенін айтты
Поддержать

Министр Қазақстанда қанша Ресей азаматы бар екенін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Ресейден Қазақстанға еңбек мигранттарының көптеп келуі байқалмайтынын айтты.

— Бүгінгі таңда біз Ресей тарапынан еңбек мигранттарының мұндай үлкен ағымын көріп отырған жоқпыз. Қазір Қазақстанда Ресейдің 100 мыңға жуық азаматы бар. Оның 6 мыңы 2022 жылдың басынан бастап жұмысқа келді, — деді Шәпкенов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Журналистер министрден болашақтағы кадрлар мен жұмыс орындары туралы сұрады.

— Әр салада кәсіптер атласын жасадық, онда 9 жаңа мамандық бар. Әрбір салада кадрлар тапшылығы болады. Нарық өзгеруде, кейбір мамандықтар жойылады, кейбіреулері өзгеруге мәжбүр болады. Технологиялар дамуда, сәйкесінше жаңа мамандықтар пайда болады. Әрбір салада кадрларға қажеттілік болады. Сұранысқа байланысты біз бұл кадрларды дайындауымыз керек, — деді ол.

Бұған дейін Серік Шәпкенов Ресейден келген еңбек мигранттарының күрт ағыны туралы мәселеге түсініктеме берген болатын.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *