«Жойылады»: БҰҰ Украинадағы жағдайға қатысты дабыл қақты
Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі мамандандырылған мекемесі (ЮНЕСКО) Украинадағы қақтығыс салдарынан ондаған құнды шіркеулер, тарихи орындар мен мұражайлар зақымдалғанын хабарлады.
Ұйым өкілдері қақтығысқа байланысты Украина мемлекеті жойылып кету қаупі бар мәдени мұрасын қорғау шараларын күшейтті деп мәлімдеді. ЮНЕСКО мәдени нысандар мен ескерткіштерді белгілеу үшін «көк қалқан» эмблемасын қолдана бастады.
— Біз гуманитарлық деңгейде де, мәдени мұра деңгейінде де алаңдаулымыз. Украинадағы адамзат мұрасына қауіп төніп тұр, — деді ЮНЕСКО-ның мәдениет жөніндегі бас директорының көмекшісі Эрнесто Оттоне.
ЮНЕСКО-ның толық немесе ішінара бүлінген нысандарының алдын-ала тізімінде 29 діни нысан, 16 тарихи ғимарат, төрт мұражай және төрт ескерткіш бар.
Айта кету керек, наурыз айының басында ЮНЕСКО басшысы Одри Азуле Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа Ресейдің соғыс кезінде мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияға қол қойғанын еске салып, хат жолдады. Алайда Ресей тарапынан ресми пікірлер түспеген.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет