ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр
Поддержать

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы қосымша санкциялар қабылдауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Еуропалық Кеңестің басшысы Чарльз Мишель мәлімдеді.

Агенттіктің мәліметінше, мұндай мәлімдеме Украинаның Буча қаласындағы қырғын туралы мәлімдемесі аясында жасалған.

— Киевте Ресей армиясының жасаған қатыгездіктерінің қорқынышты кадрлары шошытты. ЕО Ресейге қарсы жаңа санкцияларна дайындалып жатыр, — деп түсіндірді ЕО басшысы Twitter-де.

Жаңа санкциялар пакетін енгізу бойынша келіссөздер 6 сәуірде өтеді деп күтілуде. Financial Times жаңа шектеу шараларына ресейлік кемелердің ЕО порттарын пайдалануына тыйым салу, қосымша экспорттық шектеулер және көмір, мұнай немесе газ жеткізуге шектеу болады деп мәлімдеді.

Германияның Сыртқы істер министрі Анна Бербек Ресей Украинаның Буча қаласында «қылмыстары» үшін қатаң санкциялар арқылы жауап беруі керек деді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *