Зеленский Ресейді геноцид жасады деп айыптады
Поддержать

Зеленский Ресейді геноцид жасады деп айыптады

Киевтегі Буча қаласынан Ресей әскерлері кеткеннен кейін табылған, көшеде шашылып жатқан денелер туралы жантүршігерлік мәліметтерге Батыс көшбасшылары Ресейді кінәлады.

Украина президенті Владмимир Зеленский CBS телернасының эфирінде «Бұл шын мәнінде геноцид, бір ұлтты, халықты тұтастай жою» деді..

Буча қаласындағы шашылып жатқан адам денелері табылғаны туралы мәліметтерден кейін Зеленский мәлімдеме жасады.

Ресей Қорғаныс министрлігі Бучадағы жантүршігерлік кадрларды «Украина билігі арандату үшін жасап отыр» деді.

Айта кетейік, Еуропалық Одақ Ресейге қарсы қосымша санкциялар қабылдауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Еуропалық Кеңестің басшысы Чарльз Мишель мәлімдеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *