Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы компания басшылары ұсталды
Поддержать

Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы компания басшылары ұсталды

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істің тергелуі туралы ақпарат жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі хабарлады.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың — кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелері ұрлығының қосымша фактілері анықталды. Олар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан, — делінген хабарламада.

Ведомство Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компания басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынғаны туралы және кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайтынын айтты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.