Головкин жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасады
Поддержать

Головкин жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) болатын бокс кешіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

— Көптен күткен жекпе-жек аптасы ресми түрде басталды. Дайынбыз, – деп жазды GGG өзінің Instagram-тағы парақшасында.

Еске салайық, Головкин – Мурата кездесуі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Боксшылар орта салмақ дәрежесінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтары үшін күреседі.

Қазақстандық көрермендер бокс кешін тікелей эфирде көре алады. Бокс кеші Сайтама қаласында өтеді, оны Kazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Трансляция 9 сәуірде елорда уақытымен сағат 15.00-де басталады.

Фото: Boxing Social




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *