Тоқаев Ділмановті қызметінен босатты
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов қызметінен босатылды.
— Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды,- делінген Жарлықта.
2014 жылы қарашада ҰҚК Шекара қызметінің басшысы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған Ділманов бұған дейін шекара қызметінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық, кадрлармен жұмыс бас басқармасы бастығының орынбасары болған.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет