Бас прокуратура «Дикий Арманға» қатысты мәлімдеме жасады
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
— 4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты, — делінген хабарламада.
Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің қандай бап бойынша қамауға алынғанын айтты: ҚК 287-бабы, 4-бөлігі Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру;
— ҚК 272-бабы, 2-бөлігі «Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу;
— ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармақшасы «Адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет