Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі - Қуантыров
Поддержать

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі — Қуантыров

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы 9 пайызға индексацияланатынын мәлімдеді, деп  хабарлайды Орда kz.

Журналистер министрден қандай жәрдемақылар мөлшері өсетінін нақтылады. 

«Негізінен, бұл зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар. Шамамен 9 пайызға индексацияланады» деп жауап берді Қуантыров.

Сондай-ақ, Қуантыров зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлемесі қашан өсетінін нақтылап кетті. 

«Бюжет нақтыланып, мәжіліс пен сенаттың қарауынан өтеді. Кейін президент «республикалық бюджет туралы» заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады» деді министр.

Оның айтуынша, шамамен маусым-шілде айларында зейнетақы мен жәрдемақы өседі.

Еске салсақ, бұған дейін үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылады. Оған сәйкес, инфляция дәлізі 8-10%-ға дейін көтерілді.

Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге қосымша 110 млрд теңге бөлінеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.