Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы елшілері тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы елшілерін тағайындады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.
Ғабит Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды және Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Ғабит Қойшыбаев 2019 жылдың қараша айынан бастап Қытайда елші қызметін атқарды.
Шахрат Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Нұрышев 2015 жылғы ақпаннан бастап 2019 жылғы қазанға дейін Қытайдағы елші қызметін атқарды. 2019 жылдан бастап Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, Жалғас Әділбаев Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. 2019 жылдан бастап Моңғолияда елші болып жұмыс істеді.
Фото:t.me/pressmfakz
Комментариев пока нет