Ресей әскері Украинадағы теміржол вокзалына шабуыл жасады
Поддержать

Ресей әскері Украинадағы теміржол вокзалына шабуыл жасады

Украинадағы Донецк облысының орталығы саналатын Краматорск қаласының теміржол вокзалына атылған зымыран 52 адамды қырып салды. Оның 38-і сол жерде, қалғаны ауруханада көщ жұмған.

«Хабар 24» мәліметінше, құрбандар арасында 5 бала бар. Сондай-ақ, жүзден астам тұрғын жарақат алған.

Украина президенті қайғылы оқиғаға Ресейді айыптап, кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс екенін айтты.

– Ресей әскері Краматорскідегі теміржол вокзалына зымыранмен шабуыл жасады. Бұл олардың тарапынан жасалған жаңа соғыс қылмысы. Кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Ресейлік пропагандистер бұл соққы үшін жауапкершілікті Украина күштеріне аударуға асыққандары сонша, олар Ресейдің кінәсін дәлелдегенін байқамай қалды. «Риа Новости» агенттігі бұл шабуыл туралы зымыран әлі әуеде болған кезде алдын ала хабарлап қойды. Әлемнің барлық елдері Ресейді айыптап жатыр. Біз бұл әскери қылмысқа жаһандық қатаң реакция күтеміз. Менің ойымша, кейбір елдердің Ресейге деген жұмсақтығы дұрыс емес. Ұсынылып жатқан санкцияларды кімнің жұмсартқысы келетінін білеміз, — деді Зеленский.

РФ қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков түрлі дәлелдер ұсынып, қанды қырғынға Ресейдің қатысы жоқ екенін жеткізді.

Фото: Риа Новости




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.