Пірматов азық-түлік бағасының өсуі туралы айтты
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсуі инфляциямен байланысты екенін айтты.
— Қазақстанда 2022 жылдың наурыз айында инфляция 2016 жылдың қыркүйегінен бастап ең жоғарғы мәнге жетті, бір айда 8,7 пайыздан 12 пайызға дейін өсті. Инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарлары «үлес қосты», бағаның өсуі 10 пайыздан 15,4 пайызға дейін жеделдеді, бір айда инфляцияның өсуі 5,8 пайызды құрады, — деді Ұлттық Банк басшысы үкімет отырысында.
Пірматовтың айтуынша, қырыққабат, қант, картоп, қызанаққа қатысты бағаның өсуі байқалды.
— Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылғы наурыздың төртінші аптасының қорытындысы бойынша жылдық мәнде 18,6 пайызға дейін өсті. Наурыздың екінші аптасында жекелеген азық-түлік тауарларына сұраныстың артуы бағаның өсуіне айтарлықтай үлес қосты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі наурыздың соңғы аптасында 1,3 пайызды, сәуірдің бірінші аптасында 0,9 пайызды құрап тұрақтанады, — деп толықтырды Ұлттық Банк басшысы.
Комментариев пока нет