Зеленский Путиннің негізгі жоспарын айтты
Поддержать

Зеленский Путиннің негізгі жоспарын айтты

Владимир Зеленский соңғы сегіз жыл ішінде Украинаның шығысында 14 мың адам қайтыс болғанын, бірақ әлем елдері бұл оқиғаларға назар аудармағанын айтты.

Зеленскийдің пікірінше, басқа елдер бұл оқиғаларға назар аудармағасын Ресей соғыс бастау туралы шешім қабылдаған. Украина президенті Мәскеудің басты мақсаты — Донбасс екенін айтты. Сол себепті Зеленский әлем көшбасшыларын Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды.

— Кейбіреулер әлі күнге дейін Ресейге қарсы санкциялар бұдан артық қалай болуы керек деген пікірде. Бірақ Ресей әскерлері біздің жерімізде Екінші дүниежүзілік соғыс әрекетін қайталағанда не айту керек? Ресей бірінші кезекте Донбассты жойғысы келеді. Ресей әскерлері Луганск және Донецк облыстарын тек тастар қалатындай етіп қиратады — деді ол.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *