Донбасс үшін шайқас басталды - Зеленский
Поддержать

Донбасс үшін шайқас басталды — Зеленский

18 сәуірде Ресей әскерлері Донбасқа шабуыл жасады. Бұл туралы Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов, Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы және ел президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

— Біздің мемлекетіміздің шығысы мен оңтүстігінде басқыншылар шабуыл жасауға тырысып жатыр. Олар біздің мемлекетіміздің қорғанысындағы негізгі күштерді табу және оған кіру үшін әлсіз жерін іздейді, — деді Зеленский.

Зеленскийдің айтуынша, Донбас үшін шайқас басталған. Сондай-ақ, ол Ресей әскерлерінің дәл осы шайқасқа арнайы дайындалғанын жеткізді.

— Бұл оларға көмектеседі деп үміттенбеңіздер. Бұл тек уақыт мәселесі, біздің мемлекетіміздің бүкіл аумағы азат етіледі. Ресей әскерлері Донбас үшін шайқасты бастады, олар ұзақ уақыт дайындалды. Ресей армиясының едәуір бөлігі осы шабуылға шоғырланған. Біз күресеміз. Біз Украинадан ештеңе бермейміз, бізге басқа біреудің қажеті жоқ, — деді Украина президенті.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *