Генерал-майор Қарақұлов изолятордан босатылды
Поддержать

Генерал-майор Қарақұлов изолятордан босатылды

19 сәуірде ұсталған генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы хабарлады.

— Бас прокурордың көмекшісі қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қажеттілігінің болмауына байланысты Қайдар Қарақұловты уақытша ұстау изоляторынан босатты. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, — делінген хабарламада.

Еске салайық Қайдар Қарақұловтың 19 сәуір күні ұсталған еді. Ол Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір ауылындағы өрт және жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында Қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша («Қызметке салғырт қарау») күдікті деп танылған.

Фото: sarbaz.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *